«Батыс» Өңіраралық көлікті бақылау инспекциясының жүргізушісі пара алуға көмектескені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды

ТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - «Батыс» Өңіраралық көлікті бақылау инспекциясының жүргізушісі пара алуға көмектескені үшін шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл ақпаратты ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақтөбе облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша «Батыс» Өңіраралық көлікті бақылау инспекциясының жүргізушісі А.Жаржановқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол «Батыс» Өңіраралық көлікті бақылау инспекциясының жетекші маманының міндетін атқарушы Т.Серғазинге бірнеше рет Л. есімді азаматтан әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырмау және құм тиелген автокөлікті кедергісіз өткізу үшін жалпы сомасы 25 мың теңге пара алуға көмектескен.

Ақтөбе қалалық №2 сотының үкімімен А.Жаржанов ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі (қылмыс жасауға көмектесу), 311-бабы 4-бөлігінің «г» тармағы (пара алу) бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды.