Профессор Брайан Морристің айтуынша, сүндетке отырғызылмаған балалардың 50 пайызы түрлі дертке шалдығады. Әсіресе, олардың басым бөлігі бүйрек ауруларымен келеді екен. Сондай-ақ ол баланың кішкентай кезінде жүзеге асырылуы тиіс деп отыр.
Айта кетерлігі, америкалық педиатрия академиясы сүндетке отырғызу ер адамдарды түрлі инфекциядан сақтайтынын айтып, мәлімдеме жасаған болатын. Алайда, бірқатар елдерде бұл мәселеге теріс көзқарас қалыптасқан. Мәселен, Скандинавияда сүндетке отырғызу заң бойынша баланы қорлау және оның құқығын таптау деп танылған.