ОРАЛ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әншісі Ибрагим Жантулин Қызылорда қаласында өткен белгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің әндерін орындаушылардың
«Туған жер» атты ІІІ республикалық ән байқауынан бас жүлдемен оралды.
Облыстық филармониядан түскен мәліметке қарағанда, Ибрагим осында жұмыс жасайды әрі М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 4-курсында оқиды. Ол - бұрыннан да республикалық өнер додаларында бәйге алып жүрген әнші. Атап айтқанда, өткен жылы композитор Бейбіт Оралұлының әндерін орындаушылардың «Елім» республикалық байқауының бас жүлдегері атанса, Қарағандыда өткен «Жұлдыз» республикалық ән байқауында бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Арай-2011 республикалық жас эстрада әншілерінің байқауында екінші орынды еншілеген болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).