Батысқазақстандық ардагер самбошылар әлем чемпионатынан табыспен оралды

None
ОРАЛ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық ардагер самбошылар Литваның Каунас қаласында өткен әлем чемпионатынан табыспен оралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш додаға әлемнің Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Қырғызстан сынды он бес елінен 180-нен астам балуан қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне қарай әр салмақ дәрежесінде күш сынасты. Біріншілік қорытындысында Рамазан Нұрмашев, Қазболат Құрмашев, Александр Бычков, Чапай Иманғалиевтер чемпион атанса, Мұхамбетжан Төреғалиев, Андрей Волобуев, Ержан Абатов, Қамеш Исмағұлов - күміс, Бердіғали Төлегенов, Тілекқабыл Қамзиев, Қуаныш Әбуов, Тарих Төлегенов, Талғат Жармұхамедов қола жүлдені еншіледі. Он үш балуанның бәрі де жүлдемен оралды.