ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында КСРО спорт шебері Н.Боровконы еске алуға арналған «Ақтау» ВК» қоғамдық бірлестігінің жүлдесі үшін волейболдан ардагерлер арасында өткен турнирден батысқазақстандықтар күміс жүлдеге ие болып, олжалы оралды.
БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, дәстүрлі жарысқа бірінші рет қатысқанына қарамастан, БҚО құрамасы Атырау, Жаңаөзен және «Маңғыстаумұнайгаз» командаларын бет қаратпай ұтты. Тек финалда тартысты кездесуде алаң иелері - ақтаулық командаға есе жіберді. БҚО құрамасынан шабуылшы Павел Агеев, либеро Болат Бадашев үздік атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).