Батысқазақстандық ауыл тұрғыны үйінің шатырынан снаряд тауып алды

ОРАЛ. 27 наурыз. ҚазАқпарат - 24 наурыз күні Зеленов ауданы Жаңатаң ауылының тұрғыны үйінің шатырынан снаряд тауып алды.

Арнайы мамандардың анықтауынша, аталған жарылғыш снаряд азамат соғысы жылдарынан қалған. Оның ұзындығы 320 мм, ал диаметрі - 78 мм.

БҚО ІІД «Арлан» арнайы мақсаттағы жауынгерлерінің көмегімен снаряд жарылып, жойылды.