ОРАЛ. ҚазАқпарат - 26 тамыз - 4 қыркүйек аралығында Кранево қаласында (Болгария) дойбыдан жасөспірімдер арасында жекелей-командалық әлем чемпионаты өтуде.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы жарыста Оралдағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, он жасар Әнель Дәулетова рапидтен (дойбының бір түрі) қола жүлдеге қол жеткізді. Әнельдің бапкері - Данияр Жұмагелдиев.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).