Батысқазақстандық балуан ардагерлер арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Белград қаласында 25-28 тамыз аралығында ардагерлер арасында еркін күрестен өткен әлем чемпионатында батысқазақстандық Асылбек Оразғалиев күміс жүлдегер атанды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 1978 жылғы А.Оразғалиев 35-39 жастағылар арасында кілемге шықты. 84 келі салмақта күрескен Асылбектің жүлдегерлер қатарынан көрінуі - зор табыс.