ОРАЛ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - 19 қыркүйек күні кешкісін Венгрияда ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында батысқазақстандық балуан Екатерина Ларионова қола жүлдені жеңіп алды.
Ол 63 келі салмақта үшінші орын бәсекеде колумбиялық қарсыласын небәрі 30 секундта таза жеңіп, тұңғыш рет осындай табысқа қол жеткізді.
Әкесі Алексейдің жетекшілігімен жаттығып келе жатқан Екатерина бұдан екі жыл бұрын кадеттер арасында Азия, әлем біріншіліктерінде топ жарған болатын.
Ересектер арасында күреске түскеніне көп бола қоймаған Е.Ларионова биыл Қазанда өткен универсиадада қола жүлде үшін бәсекеде қарсыласына есе жіберген еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).