ОРАЛ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің «Жұлдыздар шеруі» өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған шара 85 жылдан астам тарихы бар мектептің 2009-2010 оқу жылының қорытындыларына арналды. Мемлекет қайраткерлері, атақты өнер жұлдыздары мен ақын-жазушылар тәрбиеленген №11 облыстық мектеп республикадағы таңдаулы білім ордаларының қатарында. Жыл сайын ҰБТ қорытындысы бойынша алдыңғы орындардың бірін иеленетін мектеп түлектері биыл да бақ сынамақ. Олардың арасында «Алтын белгі» мен ерекше аттестаттан үміткерлер бар.
Шара барысында үздік оқып, үлгілі тәртібімен көзге түскен, сондай-ақ республикалық байқаулардан жүлдемен оралған шәкірттер әр пән бойынша «Жыл таңдауы» атағына ие болып, марапатталды. Мәселен, биыл 10-сынып шәкірттері Оралбек Ысқақ республикалық Мұқағали оқуларынан бас жүлдемен оралса, Ержан Өмірбаев информатикадан республикалық ғылыми жобалар сайысынан үшінші орынды еншіледі. Өнер байқауларында озып шыққандар да аз емес. Мектепте 791 оқушы болса, соның 300-дейі үздік оқиды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).