Батысқазақстандық бес палуан Қазақстан жастар ойындарының жүлдегері атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық палуандар Шымкент қаласында самбодан Қазақстан Республикасының ІV жастар ойындарында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жігіттер арасында Армат Қабдолов 52 кг салмақта жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Серікбай Нығмет 68 кг салмақта күміс, Ерасыл Бақытов (48 кг) қола жүлдеге ие болды.



Қыздар арасында Гауһар Ермағамбетова 60 кг салмақта екінші, Карина Әлімова ( 80 кг) үшінші орынға көтерілді.