Аталмыш мектеп-интернат әдіскері Гүлдария Сисенованың айтуынша, кіші жасөспірімдер арасында Алтынбек Төлеш 24 кг, Сағындық Сағынғалиев 50 кг, кадеттерден Абылай Тұралиев 52 кг, жастардан Нұрсұлтан Нұриденов чемпион атанып, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ Санжар Марксов 38 кг, Әбубәкір Ихсанов 65 кг, Абзал Ахметжанов 40 кг, Талант Есенгелді 57 кг салмақта күміс жүлдені иеленді. Оған қоса боксшыларды сапалы дайындағаны үшін Ернар Нұриденов «Үздік жаттықтырушы» атанды.
Жалпыкомандалық есепте мектеп-интернат командасы 1 орынды жеңіп алды.