ОРАЛ. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан ел біріншілігінде жеңімпаз атанғандар қатарында батысқазақстандық спортшы да бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарыс алдағы жазда АҚШ-та өтетін әлем біріншілігіне іріктеу болып табылады. Оған 1998-1999 жылы дүниеге келген 400-ден астам дзюдошы қатысуда.
Батысқазақстандық Аңсарбек Ғайнуллин 73 кг салмақта жеңіс тұғырына көтеріліп, әлем чемпионатына жолдама алды. Оның бапкерлері - Талғат Балмағанбетов пен Азамат Қапсатов.
Оралдан барған тағы бір дзюдошы Ерлан Оңалов 55 кг салмақта қола жүлдеге ие болды. Оны Нариман Бекқалиев пен А.Қапсатов жаттықтырады.
Айта кетейік, ел чемпионаты бүгін мәреге жетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).