ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бейрут (Ливан) қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде батысқазақстандық Аңсарбек Ғайнуллин чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, чемпионатқа 20 елден мықты дзюдошылар қатысып, бақ сынауда.
Аңсарбек 73 кг салмақта күресті. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. А.Ғайнуллин бес бірдей қарсыласын тізе бүктірді.
Аңсарбектің бапкерлері - Талғат Балмағамбетов пен Азамат Қапсатов.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 13 мамыр күні мәреге жетеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).