ОРАЛ. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында 1996-1997 жылғы жастар арасында дзюдодан мәреге жеткен ел біріншілігінде БҚО құрамасы табысты өнер көрсетті.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Бейбіт Мәдиев 81 келі салмақта қарсыласының бәрін тізе бүктіріп, ел чемпионы атанды. Сондай-ақ Саят Сейтқалиев (66 кг) екінші орынға көтерілсе, Бақытжан Амангелді (60 кг), Серікбай Неғмет (66 кг), Арман Ерғалиев (90 кг) қола жүлдені еншіледі. Оларды БҚО жастар құрамасының аға бапкері А.Байенов бастаған мамандар жаттықтырады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).