ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық дзюдошы Аңсарбек Ғайнуллин Аустрияның Лейбниц қаласында жастар арасында өткен Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аңсарбектің бапкері Талғат Балмағамбетовтің айтуынша, шәкірті 73 кг салмақта жеті рет татамиге шығып, белдесулерін өткізді. Қола жүлде үшін бәсекеде мықты жапон спортшысын тізе бүктірді.
А.Ғайнуллиннің жаттықтырушылары - Т.Балмағамбетов пен Азамат Қапсатов.
Еске сала кетейік, Аңсарбек Ғайнуллиннің бұдан бұрын биылғы мамыр айында Бейрут (Ливан) қаласында жастар арасында өткен Азия біріншілігінде чемпион атанғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ дзюдошы Ғалбадрах Отғонцэцэг Мадридте ерлер мен әйелдер арасында өткен Еуропа кубогында жартылай финалға шығып, кейін ол да қола жүлдегер атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).