Батысқазақстандық дзюдошы Т.Көлбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

ОРАЛ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық балуан Темірлан Көлбай Хайко (Хайнань, Қытай) қаласында жастар арасында дзюдодан өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Т.Көлбай 90 келі салмақта күресті. Оның бапкері - Қасым Қаженов.

Темірлан - жас та болса, талай додада жүлде алып жүрген балуан.

Биыл батысқазақстандық Азамат Мұқанов ересектер арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдесін жеңіп алған болатын.