ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық спортшылар Қызылорда қаласында 1998-1999 жылғылар арасында дзюдодан қоғам қайраткері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Қазақстан өңірлері мен Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен екі жүздей татами шебері қатысып, 16 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Бұл ҚР спорт шебері нормативін орындау үшін балл есептелетін рейтингілік турнир еді.
Жарыс қорытындысында Батыс Қазақстан облысынан барған Тоқтар Үмітәлиев 60 кг салмақта жеңімпаз атанды. 73 кг салмақта Сайт Сейтқалиев чемпион болса, тағы бір батысқазақстандық Аңсарбек Ғайнуллин үшінші орынға көтерілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).