ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық спортшылар Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған дзюдодан өткен халықаралық жарыста жүлдегер атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш турнирге Өзбекстан, Ресей, Грузия және Қазақстан елдерінен палуандар қатысып, бақ сынады. Жарыс қорытындысында Ерназар Хамзин 90 кг салмақта қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ 100 кг салмақта Темірлан Көлбай күміс медальға ие болса, Олжас Сүлейменов үшінші орынға көтерілді. Оларды дзюдодан БҚО құрамасының аға бапкері Сайын Ерғалиев жаттықтырады.
Алдағы уақытта аталған дзюдошылар Ресейдің Орынбор қаласында өтетін Еуропа кубогына қатыспақшы.
Еске сала кетейік, таяуда Е.Хамзин мен Т.Көлбай қазақ күресінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін дәстүрлі «Қазақстан барысы» турнирінің облыстық кезеңінде озық шығып, Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтетін республикалық сайысқа жолдама алған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).