Академиялық есуден БҚО құрамасының аға бапкері Эдуард Лапшиннің айтуынша, батысқазақстандық спортшылар барлығы 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медальға ие болды. Атап айтқанда, жекелей сында Григорий Феклистов үшінші, Евгений Тацей бірінші, Даниил Савченко екінші орынды еншіледі. Жұптық сында Г.Феклистов екінші, Е.Тацей мен Григорий Савченко бірінші, Элеонора Калитова мен Виктория Стармоусова үшінші орынға көтерілді. 4 кісілік рульсіз қайықта Г.Феклистов үшінші, Д.Савченко бірінші, Э.Калитова мен В.Стармоусова екінші, Артем Бекмачев үшінші орынды иеленді. 4 кісілік рульсіз қайықта Максим Калитов, Иван Чернухин, Мирас Мәженов, Иван Матвиенко қола жүлдені олжалады.
18:43, 20 Шілде 2017
Батысқазақстандық ескекшілер ел чемпионатында табысты өнер көрсетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласында академиялық есуден өткен ҚР жеке-командалық чемпионатында БҚО құрамасы табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.