ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық гимнасшы қыз, көпсайыстан ҚР біріншілігінің жеңімпазы Дана Өтежанованың болашағы зор. Бұл туралы гимнасшы мен оның бапкері Айжан Мұсабекованы облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қабылдаған кезде айтылды.
Айта кетейік, Дана таяуда Алматы қаласында спорттық гимнастикадан ел кубогі мен чемпионатында бірінші ересектер разряды бойынша көпсайыстан үздік шықты. Тағы екі алтын медальді гимнастиканың жекелеген түрлерінен жеңіп алды.
Айжан Мұсабекованың айтуынша, ел біріншілігінде БҚО намысын №2 БЖСМ мектебінің төрт тәрбиеленушісі қорғады. Дана спорттық гимнастикамен бес жасынан бері айналысады, қазір 12 жаста, бұл - оның алғашқы ірі табысы. Енді ол халықаралық жарыстарда өнер көрсетуді армандайды.
Б.Мәкен жас гимнасшыға спортта сәттілік тілеп, тарту-таралғы табыс етті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).