ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында каратэ-додан (WKF) өткен «Ақтау кубогы» халықаралық турнирінен БҚО құрамасы олжалы оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарыста, әсіресе, Әлихан Сартаев (12-13 жас, 50 кг) пен Владислав Макаренко (6-7 жас, 25 кг) алтыннан алқа тағып, айрықша көзге түсті. Оған қоса Диляра Тілепбергенова (14-15 жас, -54 кг), Даниил Макаренко (6-7 жас, -25 кг) және Камиля Жоламанова (12-13 жас, 45 кг) қола жүлдені иеленді.
Балғын каратэшілерді Асқар Досжанов пен Қуаныш Қайыров жаттықтырады.
Айта кетейік, аталған спорт түрі 2020 жылғы Токио олимпиадасының бағдарламасына енгізілгені белгілі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).