Батысқазақстандық кәсіпорындар қайткенде бәсекеге қабілетті бола алады

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Президент тапсырмасына сәйкес өңірлерде кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыру бағытында тиісті шаралар қолға алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандықкәсіпорындардың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі төменекендігін атап өткені мәлім.

Ендеше, бұлолқылықтың орнын толтырып, тұйықтан шығу үшін не істеу керек?

Статистикалықмәліметтерге қарағанда, бәрі қалыпты сияқты. Мұны Батыс Қазақстан облысыныңмысалынан көруге болады. Биылғы бірінші жартыжылдықта өңірдің өңдеу саласында90 млрд теңгенің өнімі өндірілген, бұл өткен жылғыдан 11,2 пайызға көп. Ендігіміндет – осы қарқынды сақтап, өнім көлемін өсіру. Өткен жылы бұл көрсеткіш 200млрд теңге болса, биыл оны 210 млрд теңгеге жеткізу көзделуде.

Ең алдыменөнімдеріміздің өңірдің немесе еліміздің ішкі қажетін ғана өтеп қоймай,экспортқа бағытталғаны маңызды.

Облыс әкімі ҒалиЕсқалиевтің айтуынша, Индустрияландыру картасына енгізілген жобалар аясындағыэкспорттың негізгі өнімдері мыналар – күштік трансформаторлар, ұнтақ шарлар,полиэтилен тұрбалар, әйнек, кондитер, қалбыр және макарон өнімдері.

Елбасы тапсырмасынасәйкес отандық экспортерлерді қолдауға 500 млрд теңге бөлінген.

Облыс бойынша осықолдау-көмекті «Кублей», «Стекло-Севрис» және «КазАрмаПром» ЖШС сындыкәсіпорындар пайдаланып үлгерген. Алайда барлығы бірдей бұған қол жеткізе алмайотыр. Неге? Себебі бірқатар экспортерлер қажетті ақпаратты дер кезінде алмаған соң, мемлекеттік қолдаудан тысқалады.

Қазіргі кезде Саудажәне интеграция министрлігі құрылғаны белгілі. Оның басты міндеті – отандықкәсіпорындардың сыртқы нарыққа өнім шығаруына жәрдемдесу. Ендеше, осымүмкіндікті неге толығынан пайдаланбасқа?

Бұл ретте, әрине,өнімнің сапасы мен өтімділігін ұмытуға болмайды.

Батыс Қазақстанныңеліміздің өзге өңірлерінен бір айырмашылығы, Ресейдің бес бірдей облысыменшектеседі. Оған қоса Қазақстанның ірі мұнайгаз өндіретін облыстары да көршілесорналасқан. Бұл кәсіпкерлікті дамытып, сыртқы нарыққа өнімді көптеп шығаруғамүмкіндік береді.

Тағы бір айтатынжайт, кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп-ақ келеді.

Кәсіпкерліктіқолдау картасы аясында 2015 жылдан бері өңірде құны 91,3 млрд теңгені құрайтын32 жоба жүзеге асырылып, 1500 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Алайда осыныңішінде «Каризма» жиһаз цехы мен «Кроун Батыстың» мал бордақылау алаңы жұмысжасамай тұр. «Кроун Батыс» бойынша жұмыс жүргізіліп, инвестор бұл жобаны қолғаалмақшы.

Осы жерде айтакетейік, мемлекеттік-жекешелікәріптестік аясында «Crown Батыс» ЖШС мен «Қазагро» холдингінің еншілескомпаниясы – «ҚазАгроӨнім» АҚбірлесіп жүзеге асырған жоба (құны – 3571,2 млн. теңге) 2010 жылғы желтоқсанда іске қосылып, 8640 басқа арналған мал бордақылау кешеніпайдалануға берілген еді. Әйтсе де экологиялық жағынан таза, жоғары сапалы сиыретінің басым бөлігі Ресейге жөнелтіледі деп көзделгенімен, кейін бұл бордақылауалаңы қаңырап, бос қалды. Бұл жоспарлау кезінде қателіктер кеткендігінкөрсетеді. Шын мәнісінде бордақылау алаңы жұмыс жасаған жағдайда осыншама малдықайдан алады, соның бәрін алдын ала ойластыру керек қой.

Қазіргі кезде облыста осы бағытта бірнеше жоба қолға алынуда. Айталық,Теректі ауданында «Сырым KZ» шаруа қожалығы 3 мың басқа арналған, «Мяснаяиндустрия» ЖШС Қазталовта 5 мың басқа арналған (екі жобаның да құны – 1 млрд теңге), «Taskala-Et BKO» Тасқалада 5 мың басқа арналған (1,3 млрдтеңге) мал бордақылау алаңын салуда. Осы жобаларды жүзеге асырған кезде алдыңғыжіберілген қателіктер қайталанбаса дейміз.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бағытында облыс әкімі активотырысында нақты міндеттер қойып, соның ішінде статистикалық мәліметтердіңретке келтірілуін талап етті. Айталық, биылғы 1 маусымда 700 мың бас ірі қара,208 мың бас жылқы, 26 мың бас шошқа, 1,4 млн бас қой, 280 мың бас ешкі. 2,8 мыңбас түйе, 1,4 млн бас құс санаққа іліккен. Дегенмен өңірде іс жүзінде осыншамамал бар ма, әлі де нақтылауды қажет етеді. Сол секілді облыс халқы газбен 95,4пайыз қамтылған делінеді. Әйтсе де газ құбыры кей жерлерде ауылдарғажеткізілгенмен, тұрғын үйлерге тартылмаған. Баға да әр түрлі, кей жерде бұлтұрғындарға қымбатқа түсуде. Осының бәрін реттеу қажет-ақ. Қай салада болсын,нақты жағдайды біліп отыру үшін дәл деректер керек.

2018 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бойыншаБатыс Қазақстан республика өңірлері арасында Жамбыл облысынан кейін ең соңғыорында қалғаны белгілі. Ал көршілес Маңғыстау және Атырау облыстары алдыңғыүштікте тұр. Мұны да түзеу алдағы күндердің еншісінде.

Ең бастысы, қалада болсын, ауылда болсын, кәсіпорындардың қалыпты жұмысжасап, бәсекеге қабілетті болуы ең алдымен өздеріне пайдалы, екіншіден,Президент алға қойып отырған негізгі мақсат – халықтың табысын көтеріп,әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді.