ОРАЛ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеше облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Орал қаласына кіреберіс жолда «DAF» маркалы жүк көлігінің батып қалғаны жөнінде хабар түскен.
Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, автомобиль жүргізушісі 1976 жылғы Түркия азаматы Бішкек қаласынан Ыстамбұлға бағыт алған. Оқиға болған орынға департаменттің жедел тобы жетіп, құтқару шараларына барлығы 3 техника, 15 адам қатысты.
Құтқарушылар қалың қарға батып қалған ауыр автокөлікті шығарып алып, жолға салып жіберді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).