Батысқазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Қостанайдан 23 медальмен оралды
Жабық мұз айдыны сарайы директорының оқу-спорт ісі жөніндегі орынбасары Татьяна Копылованың айтуынша, аталмыш жарысқа батысқазақстандықтардан басқа Астана, Қостанай қалаларынан қос командадан қатысқан. Біріншілік қорытындысында батысқазақстандық спортшылар 12 алтын, 7 күміс, 4 қола медальды еншіледі. Әсіресе, І спорттық дәреже бойынша Эльвира Бибарсова, ІІ спорттық дәрежеден Вероника Васлиьева, ІІ жасөспірімдік дәрежеден Мадияр Уахит пен Яна Аничкина, ІІІ жасөспірімдік дәрежеден Мария Тарасова, Әдия Есенғали, жасөспірім сырғанаушы дәрежесі бойынша Бекзат Хасанов, Айдана Қапашева, Алуа Кәрім, Диана Ялфимова, София Саликова, Виктория Аитова жеңімпаз атанып, жалпыкомандалық есепте оралдықтардың бірінші орынға көтерілуіне сүбелі үлестерін қосты.
Мәнерлеп сырғанаушылар үшін жаңа маусым биылғы қыркүйек айынан басталады.