ОРАЛ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт-құтқару спортынан екінші жыл қатарынан үздік атанып отыр.
Батысқазақстандық өрт сөндірушілер жазғы және қысқы спартакиадада Шығыс Қазақстан және Алматы облысындағы әріптестерін артта қалдырып, көш басынан көрінді.
Спортшыларды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қадыр Бисембаев құттықтап, команда бапкері Ерген Бөрекешевке кубокті табыс етті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).