Батысқазақстандық палуан әлем чемпионатына қатысады
17:34, 10 Ақпан 2009
ОРАЛ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО олимпиада резервтерін даярлау орталығының түлегі, кадеттер арасында Азия чемпионатының жүлдегері Артур Үмбетқалиев грек-рим күресінен биылғы шілде айында Мысырда өтетін әлем біріншілігіне қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі кезде Артур наурыздың 5-10-ы аралығында Варна (Болгария) қаласында өтетін халықаралық турнирге әзірленуде. А.Үмбетқалиев қаңтардың 29-31-інде Семей қаласында өткен жастар арасындағы ел біріншілігінде 50 килә салмақта бірінші орынды жеңіп алды. Бұл жарыста Алмас Салхаев пен Жасұлан Мақсотов бесінші орынды иеленіп, спорт шебері атанды.
Артур ? Алматы қаласындағы республикалық спорт колледжінің ІІ курс студенті. Жеке бапкері ? Мұрат Жұмашев.