ОРАЛ. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы Бангкок қаласында кадеттер арасында әйелдер күресінен Азия чемпионатында батысқазақстандық Айдана Сұлтанова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп интернатынан түскен мәліметке қарағанда, осында оқып, жаттығатын Айдананың бапкері - Мұсабек Нарегеев. А.Сұлтанова - болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшылардың бірі.
Айта кетейік, бұдан бұрын осы мектептің тағы бір шәкірті Ерлан Оңалов Бішкек қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).