ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық Гауһар Ермағамбетова Тараз қаласында дзюдодан өткен Қазақстан ІV жастар ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Қасым Қаженов жаттықтыратын Гауһар 57 кг салмақта жүлдеге ілікті.
Бөрлі ауданында туып-өскен ол қазіргі кезде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 1-курсында оқиды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын тағы бір бөрлілік палуан Гүлдана Әлмұханбетова (бапкерлері Қасым Қаженов пен Мәншүк Баданова) Баку қаласында өткен ІV Ислам ынтымақтастығы ойындарында дзюдо күресінен 52 кг салмақта қола жүлдені жеңіп алған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).