ОРАЛ. ҚазАқпарат - Щучинск қаласында әйелдер күресінен мәреге жеткен 2000-2002 жылғы қыздар арасындағы ел чемпионатында батысқазақстандық Айдана Сұлтанова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының әдіскері Гүлдария Сисенованың айтуынша, 40 кг салмақта күрескен Айдана осымен екі мәрте ел чемпионы атанып отыр. Сонымен қатар Анастасия Панасович 56 кг салмақта екінші, Арина Асмамбетова 60 келіде үшінші орынды иеленді.
Палуан қыздардың үшеуі де аталған мектеп-интернатта оқиды. Бапкері - әйелдер күресінен БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Мұсабек Нарегеев.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).