ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен «Жас барыс» республикалық турнирінде батысқазақстандық палуан Сержан Лұқпанов табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сержан 51 кг салмақта қола жүлдені иеленді. Жаттықтырушысы - Дамир Рамазанов.
«Сержан Лұқпанов - облыстың бірнеше дүркін чемпионы. «Жас барыс» турниріне іріктеуден де сәтті өткен болатын. Ұлттық спорт мектебінде жаттығады. Болашағынан үміт күттіретін палуандарымыздың бірі», деді ҚазАқпарат тілшісіне Дамир Рамазанов.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).