ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ресейдің Саратов қаласындағы «Дубки» әуежайында Ю.Гагариннің ғарышқа ұшуына 55 жыл толуына арналған парашют спортынан өткізілген бүкілресейлік жарысқа БҚО құрамасы қатысып қайтты.
Парашют спортынан БҚО құрамасының аға бапкері Раис Сүйіндіковтың хабарлауынша, аталмыш жарысқа батысқазақстандықтардан басқа Ресейдің Ульянов, Саратов, Волгоград облыстары мен Чувашиядан спортшылар қатысып, жерге дәл түсуден бақ сынады.
БҚО құрамасы сапында Евгений Кутафин, Илья Китин, Алексей Кочетков, Виолетта Кухаренко, Александра Ларина өнер көрсетті. Топтық секіруден ерлер арасында БҚО құрамасы төртінші орынға табан тіреді. Әйелдер арасында командалық есеп жүргізілген жоқ. Жекелей сында әйелдер арасында Александра Ларина бірінші орынды иеленіп, жеңіс жалауын желбіретті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).