Батысқазақстандық парашютшілер Ресейде өткен жарыстан күміс медальмен оралды

ОРАЛ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық парашютшілер Ресейдің Мензелинск қаласында парашюттік-атлетикалық көпсайыстан өткен жарыстан жалпыкомандалық есепте күміс медальмен оралды.

Аталмыш халықаралық жарысқа Ресей, Қазақстан, Австрия, Украина елдерінен алты команда қатысқан. Олар топтық парашютпен дәлме-дәл секіруден, еркін әдіспен жүзуден, 1500 және 3000 метрге жүгіруден сайысқа түсті. Топтық секіруден Илья Никитин, Михаил Землянушин, Евгений Кутафин екінші орынды иеленді. Жеке есепте парашютпен дәл секіруден Александра Ларина алтын медальға қол жеткізсе, кростан (1500 метр) Дарья Москалева үшінші жүлдені еншіледі. Сөйтіп жалпыкомандалық есепте батысқазақстандықтар екінші орынға көтерілді.