БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, автокөліктің салонын тексеру барысында ешқандай құжаты жоқ, арнайы контейнер ыдысқа нығыздалып салынған 20 кг уылдырық табылып, тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК 339-бабына (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер немесе жануарлармен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
20:28, 31 Қазан 2016
Батысқазақстандық сақшылар 20 келі уылдырық тәркіледі
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 29 қазан күні шамамен сағат 18.00-де рейд шаралары кезінде Самара-Шымкент жолының 205-шақырымында 1970 жылғы С. деген азамат айдап келе жатқан «Опель Омега Караван» автокөлігін тоқтатты.