ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат - 7-10 қараша аралығында Италияның Турин қаласында шорт-тректен әлем кубогының кезекті, үшінші кезеңі өтті.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұл жарысқа Қазақстан намысын қорғайтын батысқазақстандық шорттрекшілер де қатысты. Ванкувер олимпиадасына қатысқан Айдар Бекжанов 1500 метр қашықтықта 14-орынды иеленсе, тағы бір оралдық Инна Симонова 500 метрде 19-орынға табан тіреді. Әлем кубогының қорытынды кезеңі 14-17 қарашада Мәскеу қаласында өтеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).