Батысқазақстандық спортшы кекушинкай каратэден өткен ел чемпионатында жеңімпаз атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында кекушинкай каратэден 10 жастан жоғарылар және ересектер арасында мәреге жеткен ХХ ел чемпионатында батысқазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аталмыш жарысқа Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан 550 спортшы қатысып, бақ сынады.

Жарыс қорытындысында БҚО-дан барған 19 жасар сенпай Шайнұр Садықов жеңімпаз атанды. Енді Солонго Исхан жаттықтыратын Шайнұр Қазақстан құрамасы  сапында Румынияда өтетін Еуропа чемпионатына, биылғы қараша айында Индонезияда болатын әлем кубогы жарысына дайындалады.

Ел біріншілігінде сондай-ақ батысқазақстандықтар, 11 жасар Әлихан Құбаев, 12 жасар Данил Обухов үшінші орынды иеленді.