ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық спортшылар Ақтөбе қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрі - жекпе-жектен өткен Қазақстан кубогы жарысынан табыспен оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ұлттық спорт мектебінің директоры Дастан Мырзағалиевтің айтуынша, ел кубогына Астана, Алматы қалалары мен сегіз облыстан барлығы 250 спортшы қатысып, бақ сынады. БҚО-дан сегіз спортшы қатысса, соның бесеуі жүлдегер атанды.
Атап айтқанда, БҚО ұлттық спорт мектебінің шәкірттері Қадырбек Асылбеков 40 кг, Диас Шурин 55 кг салмақта жеңімпаз атанды. Ал Райнис Баешев 32 кг, Санжар Жұмасейітов 50 кг, Әбубәкір Ихсанов 55 кг салмақта үшінші орынға көтерілді. Оларды жекпе-жек бөлімінің бапкері Айдынғали Ихсанов жаттықтырады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).