Батысқазақстандық таеквондошы Азия чемпионатының жүлдегері атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батысқазақстандық Тамир Қуатов Амманда (Иордания) таеквондодан (WTF) жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Т.Қуатов олимпиадалық ойын түрі – таеквондодан (WTF) 53келіге дейінгі салмақта жүлдеге ілікті.

ЖаттықтырушысыАрслан Ордабаевтың айтуынша, Тамир кадеттер арасында финалға дейін вьетнамдық,гонконгтық және ирандық қарсыластарын ұтты. Тек соңғыбәсекеде ғана тайпейлік спортшыға жол берді.

БҚО дене шынықтыружәне спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Тамирдің туған ағасыШыңғыс та таеквондомен айналысады. Ол – жастар арасындағыҚазақстан чемпионатының жүлдегері.

Еске сала кетейік,бұдан екі жыл бұрын өңірде жасөспірімдер арасында Лиана Кушкеева таеквондодан Азиячемпионы атанған болатын.