ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық спортшылар Минскіде ТАЭКВОН-ДО ITF-дан өткен әлем кубогында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Оралдан айтулы додаға барған төрт спортшының үшеуі алтын медальді жеңіп алды.
Атап айтқанда, 11 жасар Алессандро Карбоне 11-13 жастағылар арасында 35 келіге дейінгі спаррингтік дәреже бойынша үздік шықты. Сол секілді 8 жасар Ахмет Ақберен 7-8 жастағылар арасында 23 келіге дейінгі бәсекеде алтыннан алқа тақты. Дәл осындай сында 8 жасар Ади Карбоне де алдына жан салған жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).