Батысқазақстандық таэквондошылар Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған республикалық турнирден командалық бас жүлдемен оралды

None
ОРАЛ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батысқазақстандық таэквондошылар Тараз қаласында өткізілген Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған республикалық турнирден командалық бас жүлдемен оралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласындағы «Je Je LEE» клубының атынан барған тоғыз таэквондошының бірде-бірі жүлдесіз қалған жоқ. Ерлан Қажымұратов, Лаура Юлдашева және Владислав Самородкин алтыннан алқа тақса, Стас Бабин күміс, Сираж Мусин, Нұрболат Досалиев, Аңсар Ұзаққалиев, Нұрсұлтан Тұралиев пен Тұрсынғали Бижанов қола жүлдегер атанды. Оралдық таэквондошыларды Әділет Ерахов баптады.