Батысқазақстандық тұрғын автокөлік ұтып алды
02:53, 14 Қаңтар 2018
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше Ақсай қаласының тұрғыны автокөлік ұтып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
«Бәйтерек» дүкендер желісі өз тұтынушылары арасында ұтыс ойынын өткізіп, 9 мың лотерея билеті қатыстырылған.
Бас жүлде "Ravon Nexia" автокөлігін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Бөрлі учаскесінің слесары Мұрат Әйтиевтің еншісіне тиді. Өзінің айтуынша, автокөлігі бұрыннан бар екен. Енді ескісін сатып жіберіп, су жаңа көлікке отырмақшы.
Айта кетейік, «Бәйтерек» дүкендер желісі мұндай шараларды мейрамдарға орайластырып өткізіп келеді. Келесі ұтыс 9 мамыр күні ойнатылып, онда Түркияға 13 жолдама тігілмекші.