АЛ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Әлеуметтік әріптестік және білікті кадрлар даярлауға жұмыс берушілердің қатысуы мәселесі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өткен семинар-кеңесте айтылды.
Соның ішінде өсімдік майын өндіретін зауыт, диірмен кешені, 8600 бас ірі қараға арналған мал бордақылау кешенін айтуға болады. Жыл аяғында қазіргі заманғы технологиялық жабдықпен жасақталған 12 мың басқа арналған шошқа кешенін пайдалануға беру көзделіп отыр.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қолдауымен түлектерді орналастыруға жәрдемдесетін мұндай шаралар жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Бұған «ҚПО б.в.» және басқа отандық және шетелдік компаниялар белсене қатысуда.
Жиында аталып өтілгеніндей, кәсіпорындарда 372 магистрант пен студент машықтанудан өтті, 106 түлек тұрақты жұмыс орнын тапты. Қазіргі кезде БҚАТУ 22 компаниямен меморандумға қол қойған.
2011-2012 оқу жылында ТМК «Казтрубпром» ЖШС-ында - 31, «Конденсат» АҚ-да - 32, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Орал магистральды газ құбыры басқармасында 63 студент машықтанудан өтпек. Жүзден астам студент облыс пен одан тысқары жерлердегі ірі кәсіпорындарға тәжірибе жинақтауға жіберіледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).