Батысқазақстандық университетте ғылыми-инженерлік мәселелер талқыланды

None
ОРАЛ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ел тәуелсіздігінің және ҚР Ұлттық инженерлік академиясының 20 жылдығына орай Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Ақпараттық жүйелер мен жаңа технологиялар,

салалық машина жасау, энергетика, экология және экономика саласындағы ғылыми-инженерлік мәселелер» деген тақырыпта халықаралық ғылыми семинар-кеңес болды.

Аталмыш басқосуға облыс әкімінің орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қатысып, талқыланып отырған мәселенің аса маңыздылығын атап көрсетті. Энергия сақтау ноосфералық технологиялар ғылыми-зерттеу инжинирингтік кешенінің вице-президенті, Пенза аймақтық инноваторлар одағының төрағасы, профессор Петр Харитонов, Ресей тауар өндірушілері одағы Самара аймақтық бөлімшесінің президенті, К.Циолковский атындағы Ресей ғарыш академиясының академигі Николай Сорокин және басқалар аталған салалардағы ғылыми мәселелерді бірлесіп шешу, қазіргі заман талаптарына сәйкес мамандар даярлау жөнінде өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Самара аймақтық «Ақжол» ұлттық-мәдени автономиясы жастар ісі, мәдениет және білім жөніндегі кеңесшісі Айгүл Жәлелова бастаған самаралық бір топ студент-жастың келуі олардың ғылымға, қазақ тілін білуге деген құлшыныстарын көрсетті. Бұлардың арасында Оралға бірінші рет келгендері де бар. Олардың атажұртпен байланысы болашақта нығая түсетін болады.