Батысқазақстандық ұстаз-домбырашыға «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы берілді

ОРАЛ. 21 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Құрманғазы атындағы Орал музыка колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, домбырашы Нұржан Сертековке «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы берілді.

Нұржан Сертеков ұстаздық етумен бірге көп жылдар бойы күй өнерін насихаттап келеді. Оның Батыс Қазақстан өңірінің музыкалық фольклоры туралы жинақтары да жарық көрген.

Домбырашы баптаған шәкірттер республикалық, халықаралық байқауларда бәйге алып жүр.