Батысқазақстандық ұстаздар Ақұштап ақынның шығармашылығы бойынша сайысқа түсті
Облыстың барлық аудандары мен Орал қаласынан іріктеліп келген 12 үміткер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқумен бірге өз жырларын да ортаға салды. Сайыс қорытындысында оралдық мұғалім Бауыржан Зинешев бас жүлдені иеленсе, Ақжайық ауданынан келген Әйгерім Елекешева - бірінші, сырымдық Эльмира Бақтығалиева - екінші, бөрлілік Айдана Ғабдрахим үшінші орынды еншіледі.
Байқауға арнайы келген ақын Ақұштап Бақтыгереева ұрпақ тәрбиесі, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, ел бірлігі туралы ойларымен бөлісіп, желтоқсан көтерілісі кезінде Жұбанның ерлігі хақында «Ерлікті көзбен көрген күн» және басқа өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар өнер сайысының жеңімпаз-жүлдегерлеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Айта кетейік, биыл Ақ Жайық өңірінде басталған Ақұштап ақынның тойы жуырда Алатау төрінде, Алматыда жалғасты. Енді мерейтойлық шаралар Астанада ұйымдастырылмақ.