ОРАЛ. ҚазАқпарат - Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған БҚО мектеп-интернатының шәкірттері Атырау қаласында бокстан КСРО спорт шебері Қамбар Андашевті еске алуға арналған 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнирден табысты оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Аталмыш мектеп әдіскері Гүлдария Сисенованың айтуынша, Абзал Ахметжанов пен Талант Есенгелді өз салмақ дәрежелері бойынша турнир жеңімпазы атанды. Ал Әлихан Батырғалиев пен Асхат Болатов күміс, Абылай Тұралиев, Әлижан Қадырханов, Дархан Сұлтангереев қола медальға қол жеткізді. Бапкер Ернар Нұриденов «Үздік төреші» дипломымен марапатталды.
Балаларды Ернардан басқа Ержан Киндихов, Денис Князев дайындады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).