ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық жас волейболшылар Уфада 2006-2008 жылғы жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирден жүлдемен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Волейболдан жасөспірімдер арасында БҚО құрамасының аға бапкері Сергей Казактың айтуынша, аталмыш турнирге Ресей, Татарстан мен Башқұртстан және Қазақстаннан барлығы 8 команда қатысып, бақ сынады.
Негізінен Орал қаласындағы олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі тәрбиеленушілерінен құралған БҚО командасы финалда ғана аса тартысты ойында Уфа волейболшыларына 2:3 есебімен есе жіберіп, екінші орынға ие болды.
Үшінші орынға Новокуйбышевск командасы (Самара облысы) көтерілді.
БҚО-дан Даниил Сухарев үздік ойыншы атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).