Батысқазақстандық жас жетекші республикалық слеттің жеңімпазы атанды

None
ОРАЛ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Батыс Қазақстан облыстық студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары штабының жетекшісі Дархан Қадыралиев Алматыда Абай атындағы ҚазМПУ-да өткен студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық слетінде «Үздік басшы-2012» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыру жұмыстарына Дархан көптен қатысып келеді.

«Осының алдында «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезіне қатысып едім. Онда Елбасымыз жастар бастамаларын қолдап, жастар саясатын жүзеге асыруда жаңа тапсырмалар берді. Ендігі мақсат - осы биік міндеттер үдесінен шығу», деді Д.Қадыралиев.