Батысқазақстандық жеңіл атлет халықаралық жарыста күміс жүлдегер атанды

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында Орталық Азия елдерінің 1998-1999 жылғы жасөспірімдері арасында жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс мәреге жетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, батысқазақстандық Елизавета Спирина 5 мың метрлік қашықтықта спорттық жүрістен екінші келіп, күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, жарысқа төрт елдің спортшылары қатысты.