Батысқазақстандық жеңіл атлеттер ел чемпионатында табысты өнер көрсетті (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында 25 наурызда жеңіл атлетикадан мәреге жеткен Қазақстанның қысқы чемпионатында батысқазақстандықтар табысты өнер көрсетті.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, қыздар арасында 5 км қашықтықта спорттық жүрістен Елизавета Спирина алтын медальді жеңіп алса, кіші топтағылар арасынан Аружан Нәсіпқалиева спорттық жүрісте 3 шақырымнан қола жүлдені иеленді.
3 шақырымға жүгіруден Ғамзат Шабдан тағы бір қоланы олжалады.
Найза лақтырудан ерлер арасында Артем Присташ чемпион атанса, әйелдерден Гүлзада Хабиева екінші орынды еншіледі.